×

"600 мың теңге бермесең, интим фотоңды жариялаймын": 21 жастағы жаңаөзендік ұсталды

Оқиға 2025 жылғы 26 қаңтарда сағат 14:50 шамасында орын алған

"600 мың теңге бермесең, интим фотоңды жариялаймын": 21 жастағы жаңаөзендік ұсталды
Сурет: Бейнеден кадр

 Полиция Жаңаөзен қаласында интимдік фотосуреттерді тарату қаупі арқылы ақша бопсалады деген күдікпен 21 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасы мәлімдеп отыр.

“2025 жылғы 26 қаңтарда сағат 14:50 шамасында Жаңаөзендегі "Шаңырақ" шағын ауданында полиция қызметкерлері жедел әрекет ету арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп 2004 жылы туған жергілікті тұрғынды ұстады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктенеді (бопсалау). Ұсталған кезде күдіктіден ақша табылды.Тінту барысында күдіктіден қылмыс жасалғанын растайтын заттай дәлелдемелер, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 300 000 теңге тәркіленді. Тергеу барысында күдіктінің танысына интимдік фотосуреттер мен бейнематериалдарды таратамын деп қорқытып, одан 600 000 теңге бопсалағаны анықталды”, – делінген полиция мәліметінде.

Қылмыстың толық мән-жайы тергеу әрекеттері аясында анықталып жатыр. Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымбұлақ маңында қар көшкіні болды: бір шаңғышы қаза тапты
Бүгін, 17:20

Шымбұлақ маңында қар көшкіні болды: бір шаңғышы қаза тапты

Төтенше жағдайлар департаменті оқиға жайлы мәлімет берді
Оқиға бүгін, 17 наурызда сағат 04:05-те орын алған
Оқиғаға қатысты компания өкілдері пікір білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →