Оқиға 24 қаңтарда "Астана-Мәскеу" бағытында ұшқан ұшақта орын алған
Астаналық ұшақ бортында зейнеткердің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады.
Астанадан Мәскеуге ұшу кезінде елордалық дәрігер қарт жолаушының өмірін сақтап қалған. 24 қаңтарда ұшақта 85 жастағы Виктор Карпин ауырып қалды. Бортсеріктер дәрігерді дауыс зорайтқыш арқылы шақырып, көмекке Қарлығаш Бакирова келген.
"Ер адам гипертониямен ауыратыны анықталды. Тексеру кезінде дәрігер оның қысымы қатты төмендегенін және тамырында импульс байқалмағанын анықтаған. Бірден әрекет ету керегін түсінген Қарлығаш Бакирова науқасқа реанимация жасаған. Ол ұшақ бортында жүрек — өкпе реанимациясын жасаған. Одан кейін қарт адамның жағдайы тұрақтанған. Дәрігер зейнеткерді құтқарғаннан кейін, ол ұшақтың шұғыл қонуын талап еткен. Нәтижесінде ұшқыштар ұшақты Уфаға қондыры онда жолаушыны жергілікті дәрігерлерге табыстаған. Кейінірек оның жағдайы жақсарғаны анықталды", – делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.
Қарлығаш Бакирова – елордалық медицина университетінің түлегі. Ол жоғары лауазымды шенеуніктерге, тіпті Президентке қызмет көрсететін элиталық медициналық орталықта отоневролог болып жұмыс істеген.
Еске сала кетейік, біз осыған дейін Қызылорда-Астана әуе рейсінде оқыс оқиға орын алып, жолаушыға дер кезінде алғашқы жәрдем көрсетіп, өмірін сақтап қалған азамат Дінмұхаммед Бектұрған есімді Астана медицина университетінің 7 курс студенті туралы жазған болатынбыз.