×

18 адам қаза тапты: АҚШ-та тағы бір ұшақ апатқа ұшырады

Апатқа әскери тікұшақ пилотының қаншалықты кінәсі бар

18 адам қаза тапты: АҚШ-та тағы бір ұшақ апатқа ұшырады
Сурет: Бейнеден кадр/mirror.co.uk

АҚШ-тағы ұшақ апатынан 18 адам қаза тауып, 48-і әлі іздестірілуде, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы CBS телекомпаниясы оқиға орнындағы полицейлердің ақпаратына сүйеніп мәлімдеген.

“АҚШ астанасы Вашингтондағы Потомак өзеніне жолаушылар ұшағы құлады.  Әуекомпанияның мәліметінше, ұшақ бортында 60 жолаушы, 4 экипаж мүшесі болған. Ол қонарда әскери тікұшақпен соқтығысқан. Жергілікті уақытпен 23:30-те өзеннен 18 адамның денесі табылды. №5342 рейсті «American Airlines» компания өңірлік бөлімшесі «PSA Airlines» орындаған. Ал оған соғылған әскери тікұшақ жаттығу мақсатында ұшып шыққан”, – делінген ақпаратта.

Дәл қазіргі уақытта оқиға орнында іздеу-құтқару операциялары әлі жалғасып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →