×

Отбасылық мәселеден шаршаған әйел көпірден секірмек болған

Оқиға Республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолында болған

Отбасылық мәселеден шаршаған әйел көпірден секірмек болған
Сурет: ҚР ІІМ

Түркістан облысында отбасылық мәселелерден шаршаған әйел көпірден секіргісі келген, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

“Оқиға Республикалық маңызы бар "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолында болған. Патрульшілер көпірде тұрған және бес метрлік биіктіктен секірмек болған әйелге назар аударған. Полиция әйелге жақындап, оны әңгімемен алаңдатып, содан кейін қолынан ұстап қалып құтқарып қалды. Одан кейін қауіпсіз жеткізілді.Полицейлердің басты міндеті — қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бірақ кейде олар құтқарушылар мен психологтардың рөлін атқарады. Әйел отбасылық мәселелерден шаршағанын айтты. Қазір болған оқиғаның мән — жайы анықталуда, әйелмен профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде", –  делінген ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Талдықорғанда әкесі мас күйінде үш жасар қызын ұрып тастаған
Бүгін, 00:08

Талдықорғанда әкесі мас күйінде үш жасар қызын ұрып тастаған

Бүлдіршін ауыр халде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр
Романның сөзінше, мұғалім басқа студенттерді де солай жазалаған
Оқиғаға байланысты мектепте жоспардан тыс санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →