×

АҚШ-та ұшақ тұрғын үйлерге құлады

Ұшақ тұрғын үйлерге құлап, жарылыс пен өртке себеп болды

АҚШ-та ұшақ тұрғын үйлерге құлады
Ашық дереккөздерден

АҚШ-та Филадельфияның солтүстік-шығысында (Пенсильвания штаты) Learjet 55 санитарлық ұшағы құлады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі CBS сілтеме жасап.

Көлік министрі Шон Даффидің айтуынша, бортта алты адам болған, бұл ақпаратты Федералды авиация басқармасы растаған. Jet Rescue Air Ambulance ұшағының иесі компания бортта науқас бала мен оның туыс және төрт экипаж мүшесінің болғанын айтты.

Санитарлық авиацияға тиесілі әуе кемесі Спрингфилдке (Миссури) бет алған. Learjet 55 ұшағы Солтүстік-Шығыс Филадельфия әуежайынан шыққаннан кейін 30 секундтан соң апатқа ұшырады.

Roosevelt Mall маңында құлаған ұшақ Коттман авенюі мен Рузвельт бульвары аймағындағы бірнеше үйді өртеп жіберді. Полиция апат болған жерде бірнеше адам зардап шеккенін мәлімдеді. Борттағы адамдардың тағдыры туралы ақпарат жоқ.

Куәгерлерге сілтеме жасай отырып, Fox29 ұшақ құлағаннан кейін бірнеше көлік өртеніп, жақын маңдағы адамдар қатты жарылыстарды естігенін жазады.

Апатқа не себеп болғаны әлі белгісіз. Федералды авиация басқармасы мен ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі тергеу жүргізуде.

Президент Дональд Трамп өзінің TruthSocial әлеуметтік желісінде болған оқиғаға байланысты көңіл айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →