×

Оралда 25 жыл бұрын болған қылмыстың беті ашылды

Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмаған

Оралда 25 жыл бұрын болған қылмыстың беті ашылды
Сурет: gov.kz

25 жыл бұрын Орал қаласында болған екі адам өлтіру фактісі  бойынша қылмыстық істің беті ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті мәлімдеп отыр.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті – тапсырыс беруші мен орындаушы ұсталды. Қайғылы оқиға 2000 жылдың желтоқсанында орын алған. Онда екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан. Қылмыстың жасалуына қаржылық келіспеушілік себеп болған. Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел-тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатыстылығын растайтын қосымша айғақтар алынды. "Заң және Тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету жұмысы ерекше бақылауда”, –  деп атап өтті ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Қылмыстық іс "Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі" бабы бойынша жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →