×

"Фура айдаған, альфард мінген батырым": Ақтөбелік ақын Қайнар Алагөзов жүргізушілерге өлең арнады

Ақын жолда асыққан жүргізушілерге өлеңмен әсерлі үндеу жасаған

"Фура айдаған, альфард мінген батырым": Ақтөбелік ақын Қайнар Алагөзов жүргізушілерге өлең арнады
Сурет: коллаж

Ақтөбелік ақын Қайнар Алагөзов асыққан жүргізушілерге өлеңмен әсерлі үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі ақынның бейне үндеуі арқылы жолда жүрген жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын сақтауға шақырған.

Аманаттың артып алып ауырын,
Көлік айдап, жолда жүрген бауырым,
Дұға қылып күтіп отыр артыңда,
Әкең, анаң, балаң, жарың, бауырың.

Фура айдаған, альфард мінген батырым,
Алқынғанмен алдыңда мың шақырым.
Жылдамдықты 110
-ға да жеткізбе,
Бақыт деген келеді өзі ақырын.
 
Жаннан артық көріп жүрген көлігің,
Талайлардың жалмап кеткен өмірін.
Алдындағы машинадан озам деп,
Бұл өмірден озып кетті көп інім.

Сені ойлайтын адамдардың барын біл,
Тәнің темір болғанымен жаның гүл.
Шалбарыңның ременінде шаруам жоқ,
Машинаңның ременін тағып жүр, – делінген ақынның өлең жолдарында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →