×

Түркістанда жол апатынан қаза тапқан студенттерді ақтық сапарға шығарып салды

Түркістанда жол апатынан қаза тапқан студенттерді ақтық сапарға шығарып салды

3 ақпанда Кентау-Түркістан тас жолының 5-шақырымында жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болғандардың екеуі Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ студенттері екені белгілі болды. Қос бойжеткен сабаққа бара жатқан сәтте көлік апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін оқу ордасының ұжымы мен студенттер марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен тағы бір студент қазіргі таңда ауруханада жатыр. Бұл туралы жоғары оқу орнының ректоры Жанар Темірбекова желі парақшасында жазды.

Кеше Түркістан-Кентау тас жолында орын алған ауыр жол апаты бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Қайғылы оқиға салдарынан аяулы студенттеріміз – Нұрай Қаратай мен Шұғыла Сейсенбектен айырылып қалдық. Бүгін университет ұжымы, оқытушылар мен студенттер марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салдық. Бұл – біз үшін орны толмас қаза. Өздеріңіз білетіндей, асыл дінімізде ілім жолында қаза тапқан жандарды «шейіт» деп атайды. Біздің қыздарымыз да сабаққа келе жатқан, болашағынан үміт күткен студенттер еді. Рухтары пейіште шалқып, төрлері жәннат болсын деп тілейміз! Олардың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады. Марқұмдардың отбасыларына, жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Сабыр мен күш-қуат тілейміз. Алла алдынан жарылқасын! Сондай-ақ, осы жантүршігерлік апаттан ауыр жарақат алып, аураханада жатқан студентіміз Севинч Дастанованың тез сауығып кетуін шын жүректен тілеп отырмыз-делінген жазбада. 

Айта кетейік, кеше 3 ақпанда "Кентау-Түркістан" тас жолының 5-шақырымында екі "Ауди" көлігі соқтығысқан.

6 адам қаза тауып, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →