×

Ақтау маңындағы ұшақ апатының алдын ала есебі жарияланды

Жұмыс аяқталғаннан кейін авиациялық оқиғаны тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті есеп дайындалады

Ақтау маңындағы ұшақ апатының алдын ала есебі жарияланды
ТЖМ

Көлік министрлігі Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағымен болған оқиғаны тергеу бойынша алдын ала есепті ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Министрліктің ресми сайтында жарияланған құжатта авиациялық оқиғаның себептерін, тергеу барысын және қабылданған шараларды сипаттайды. Алдын ала есепте оқиғаның мән-жайы, техникалық деректер және алғашқы қорытындылар көрсетілген.

Көлік министрлігі бұл құжатты ашық жариялау арқылы авиация саласындағы ашықтық пен қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталғанын мәлімдеді.

Жұмыс аяқталғаннан кейін авиациялық оқиғаны тергеу нәтижелері бойынша түпкілікті есеп дайындалады.

Осылайша, құжатта атап өтілгендей, 2024 жылдың 25 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша сағат 11:28-де (06:28 UTC) Ақтау әуе айлағының 11-ші ұшу-қону жолағына қону кезінде «Әзербайжан Хава Йоллары» - «Azerbaijan Airlines» ЖАҚ иелік ететін Embraer 190-100 IGW2 4K-AZ65 ұшағы авиациялық апатқа ұшырады. Әуе кемесі Баку (UBBB)-Грозный (URMG) бағыты бойынша тұрақты J2– 8243 жолаушылар рейсін орындаған. Грозный аэродромына екі рет қона алмағандықтан экипаж Бакуге оралуды ұйғарған.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Адвокаттар қайтыс болған Шерзат Болаттың үстінен де қылмыстық іс қозғауды сұрап отыр
Бүгін, 18:05

Адвокаттар қайтыс болған Шерзат Болаттың үстінен де қылмыстық іс қозғауды сұрап отыр

Ал сотталушы Дидар Қалиахметтің қорғаушысы Гаухар Баймұханова Қаржаубай Нұрымовтың пышақты үш рет алып шыққаны ескерілуі қажеттігін алға тартты.  
Ол сотта Шерзаттың әкесі мен анасы, әжесі берген жауаптьарда қарама-қайшылық барын айтып отыр
Ол кеше шөп жинау үшін орманға кетіп, үйіне қайта оралмаған
Оқиға бүгін «Шапағат» шағынауданындағы жеке үйлердің бірінде болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →