×

"Мемлекеттік төлемді алып беремін": Елордалық алаяққа алданып қалды

Ол 1 млн теңге ақшасын алаяқтың банк карточкасына аударып жіберген

"Мемлекеттік төлемді алып беремін": Елордалық алаяққа алданып қалды
Сурет: azattyq-ruhy.kz

Астана тұрғынына мемлекеттік төлемді уәде еткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Астана қаласы Алматы ауданы ПБ баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Астанада тексеріске келген мүмкіндігі шектеулі жан алаяққа алданып қалған. Алаяқ мемлекет тарапынан мүгедектерге берілетін сыйақыны алып беремін деген жолмен алдап, шамамен 1 млн теңге ақшасын өзінің банк карточкасына аудартып алады. Бұдан кейінде ол жәбірленушіден 150 мың теңге ақша беруін талап етеді. Оның әрекетінен күдіктенген қыз полиция қызметкерленіне хабарласып, алданғанын айтады. Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқты ұстап, ақшаны өз иесіне қайтарды”, – делінген полиция хабарламасында.

Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды
Кеше, 10:27

Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 
Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →