×

Ақтөбеде қылмыстық топ 12 вагон "әлеуметтік" газ ұрлаған

Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған

Ақтөбеде қылмыстық топ 12 вагон "әлеуметтік" газ ұрлаған
Сурет: Бейнеден кадр

Ақтөбе облысында ұйымдасқан қылмыстық топ 12 вагон "әлеуметтік" газ ұрлаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп, аталған өңірде кен орнының аумағынан "әлеуметтік" газ ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адамды ұстады. Фигуранттар газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары болып табылады. Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газ бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленетін болады”, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс

Қазір аталған қылмыстық іске қатысты жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Қылмыстық іске қатысы өзге де тұлғалар анықталып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →