×

Күйеуі «Қаңтарда», өзі жол апатынан қаза тапқан Сая жер қойнына тапсырылды

Күйеуі «Қаңтарда», өзі жол апатынан қаза тапқан Сая жер қойнына тапсырылды
Фото: жеке мұрағат

Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан Еркебұлан Сыдықбаевтың әйелі жол апатынан қаза тапты. Оның соңында төрт баласы қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналист Лұқпан Ахмедяровтың айтуынша, Сая жол апатынан 4 ақпанда Алматы-Бішкек тас жолында қайтыс болған. Әдетте, ол күндіз курьер, түнде такси жүргізушісі болып жұмыс істеп, балаларын асырауға тырысқан.

Ата-анасынсыз қалған балалардың болашақ тағдыры не болары әлі белгісіз. Айтуларынша, олардың тәтесі (Саяның әпкесі) бар. Бірақ оның жеке баспанасы болмағандықтан қорғаншылық ала ма, жоқ па, ол да белгісіз.

«Азаттық радиосының» хабарлауынша, бүгін туыстары Саяны Алматының іргесіндегі Саялы ықшам ауданындағы қорымға, күйеуінің қасына жерлеген.

6 ақпан таңертең, жаназаға дейін Саяның отбасына Алматы қаласындағы Qazaq Stroy компаниясы үш бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды.

Еркебұлан Сыдықбаев Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан. Сұхбат берген Сая Есенгелді күйеуіне оқ президент резиденциясы маңында тигенін айтқан еді. Еркебұлан 2022 жылы 17 қаңтарда ауруханада қайтыс болған. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Сот отырысы  бейнекамералардан алынған жазбаларды зерттеу нәтижесінде жүргізілген
Куәгерлер әйелді вагон астынан шығарып үлгергенімен, дәрігерлер келгенге дейін жан тапсырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →