×

Грузия алаяқтық жасады деген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамауға алынған

Грузия алаяқтық жасады деген күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады
Видеокадр

Грузиядан алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің көмегімен бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тбилисиден экстрадициялады.

"2020 жылы аталған тұлға адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен субсидия алуға көмек көрсету сылтауымен Ұлытау облысының 88 тұрғынының қаражатын иемденіп, жалпы сомасы 30 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Екі сыбайласы әртүрлі жазаға тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып кетті, сондықтан ол халықаралық іздеуге жарияланды", - делінген хабарламада.

2024 жылы ол Грузия аумағында анықталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша отанына экстрадицияланды.

Қазір күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынған.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Құтқару жұмыстары аясында 30-ға жуық жас итбалықтарды суға қайтарылған
Әйелдің айтуынша, оқиға 8 наурыз күні «Азия Парк» сауда-ойын-сауық орталығында болған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →