×

Ақтау әкімінің экс-орынбасарына іздеу жарияланды

Шенеунікке іздеу

Ақтау әкімінің экс-орынбасарына іздеу жарияланды
Фото: gov.kz

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланғаны айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Тимур Сәдуақасовқа пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру бойынша қылмыстық іс аясында пара беруге итермелеу және алаяқтық жасағаны үшін іздеу жариялады”, – делінген құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталының ресми ақпаратында.

Іздестіру карточкасына сәйкес, Сәдуақасов тегі бойынша іс 2025 жылғы 5 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Іздестіруді бастаған орган – сот, ал іздестіру жүргізетін орган – ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті екені де жазылған. 

Айта кетейік, Тимур Сәдуақасов 2019 жылғы 18 ақпанда Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →