×

«Қызымды мешіттің артында зорлаған». Тараз тұрғыны көмек сұрады

«Қызымды мешіттің артында зорлаған». Тараз тұрғыны көмек сұрады
Фото: Depositphotos.com / VitalikRadko

Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде 39 жастағы келіншектің көмек сұраған видеосын жариялады. Тараз қаласының тұрғыны 16 жастағы қызын мешіттің артында зорлағанын айтқан, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бір жыл бұрын қызымды мешіттің артында зорлады. Ол кезде қызымның жасы 15-де болды. Бізге айтпаған. Қаршадай қызым 29 қарашада босанды. Құзырлы орган бала менің екінші күйеуімнен деп отыр. Яғни өгей әкесінен, - дейді 39 жастағы Тараз тұрғыны.

Журналист осыдан соң, қыздың өгей әкесімен сұхбаттасады. Ол әңгіме барысында арым таза деп айтқан еді. Алайда бағдарламадан соң, күдікті ер азаматтың әйелі хабарласып, күйеуіне қатысты тың мәлімет береді. Өзімді ақтау керекпін деген өгей әке, полиция бөлімшесіне табаны тиген бойда барлық жағдайды мойындап, өгей қызымен жыныстық қарым-қатынасқа түскенін растаған екен.

Полиция алып кеткен соң, сол жақта бірден мойындаған. Ол қызыммен 13-14 жастан жыныстық қатынасқа түскен. Екінші рет зорлағанда аяғы ауырлаған. Күйеуім енді сотталады. Қызым қорқып басында айтпады. Кейін мойындады. Осындай азаматпен отбасым құрғаныма өкінемін, - деді қыздың анасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →