×

Семейде полиция көлігі КамАЗбен соқтығысты

Қазір оқиғаға қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде

Семейде полиция көлігі КамАЗбен соқтығысты
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Семейде полиция көлігі Камазбен соқтығысып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы Абай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Патрульдік полиция батальонының экипажы Би-Боранбай көшесін патрулдеп жүрген кезінде қызметтік шақыру түскен. Оқиға орнына бет алған полиция қызметтік көлігі жүк көлігімен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанармай құю станциясынан шыққан КамАЗ жүргізушісі маневр жасау барысында полиция көлігін байқамай қалған”, – делінген хабарламада.

Жол көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шекпеген. Қазір оқиғаға қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді
Бүгін, 09:29

Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Борт командирі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақпен кері қайту дұрыс деп шешкен
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →