×

Атырауда ер адам зейнеткер туысын қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен ұсталды

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

Атырауда ер адам зейнеткер туысын қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен ұсталды
Фото: depositphotos.com

Атырау қаласында 62 жастағы әйелді туысы өлтіріп тастағаны белгілі болды. Полиция бұл деректі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 7 ақпан күні болған. 

"Полиция қызметкерлері 62 жастағы тұрғынды өлтіру дерегіне қатысы бар күдіктіні ұстады. Күдікті марқұмның туысы екені анықталды. Оның жасы 35-те. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Тергеу кезінде қылмысқа қатысты барлық мән-жай анықталатын болады.

Жергілікті басылымның жазуынша, ресми емес ақпарат бойынша әйел адамның бөлшектелген денесі табылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып, бес адам қаза тапты
Бүгін, 11:22

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып, бес адам қаза тапты

11 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген
Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →