×

Досын өлтіріп, денесін тоңазытқышқа бөлшектеп кеткен ақтөбелік сотталды

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ

Досын өлтіріп, денесін тоңазытқышқа бөлшектеп кеткен ақтөбелік сотталды
Фото: pixabay.com

Ақтөбеде ер адамды пышақтап, денесін бөлшектеп, тоңазытқышқа салып қойғандар сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі “Мой ГОРОД” басылымына сілтеме жасап.

Жантүршігерлік қылмыс былтыр қыркүйекте болған. Айыпталушылардың біріне тиесілі пәтерге үш адам жиналып, ішімдік іше бастаған. Бір кезде олардың арасында жанжал туған.

Іс материалдарындағы ақпаратқа сәйкес, айыпталушы жәбірленушіні бірнеше рет ұрып, артынша пышақты алып, ішінің тұсынан пышақтап жіберген. Ер адам оқиға орнында жан тапсырған. Артынша екі дос шошып, пәтерден шығып, қашып кеткен. 

Екі күннен кейін айыпталушы үйіне оралып, мәйітте бөлшектеп тастаған. Әуелі марқұмның денесін ваннаға апарып, артынша асхана пышағымен аяғын, қолын кесіп, сөмкеге салған. Марқұмның денесінің бөлшектері “Гигант” карьерының маңына тастап кеткен. Артынша үйіне оралып, қалған денесін бөлшектеп, пакеттерге салып, сасып кетпесін деп тоңазытқышты салып тастаған. 

Кейіннен ваннаны арнайы құралдармен тазалап шыққан. 

Бөлмеде болған тағы бір ер адам да айыпталушы ретінде танылды. Яғни марқұм болған ер адамнан бөлек, біреуі қылмыскер, екіншісі қылмысты жасырып қалған адам деп танылды. Олар үкімді алқабилер шығарсын деген өтініш жасаған. 

Осылайша екеуі де кінәлі деп танылды. Біреуі 11 жылға, екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →