×

Астанада жасөспірім лифтіде тұрған балаға пышақпен шабуылдап, бетін тілген

Қылмыстық іс қозғалды

Астанада жасөспірім лифтіде тұрған балаға пышақпен шабуылдап, бетін тілген
Видеодан скриншот

Желіде Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде белгісіз біреу кішкентай балаға пышақ жарақатын салған. Бұл ақпаратқа ПД баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға видеосы Astanovka98 Telegram-арнасында жарияланған. Онда жасөспірім және кішкентай бала лифтте тұрғанын, артынша кішкентай баланың бетінен жасөспірім бірнеше мәрте белгісіз затпен ұрғанын көруге болады. Одан соң жасөспірім лиффтен шығып кеткен. Полиция өкілдері күдікті ретінде жасөспірім баланың жеке басы анықталғанын хабарлады. 

"Оқиғаны тексеру барысында психоневрологиялық диспансер есебінде тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақырылды, олар ата-аналық міндетін тиісінше орындамағаны үшін заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылады. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Шабуыл жасаған жасөспірім қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін белгіленген тәртіпке сай бірден оқшауланады", - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбеде облысының тұрғыны кәріз құдығына түсіп, уланып көз жұмған
12.02.2025ж. 00:08

Ақтөбеде облысының тұрғыны кәріз құдығына түсіп, уланып көз жұмған

Марқұмның туыстары коммуналдық мекеме жұмысшыларын кінәлі қылмай, әділ баға берілсін деген талап қойған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →