×

Ақтауда мүгедектігі бар 18 жастағы жігітті әлдекімдер ұрлап әкетіп, зорлаған - адвокат

Жәбірленушінің анасы бірден полицияға арыз жазған

Ақтауда мүгедектігі бар 18 жастағы жігітті әлдекімдер ұрлап әкетіп, зорлаған - адвокат
Фото: pixabay.com

Адвокат Ақтауда 18 жастағы мүгедектігі бар жігітке жасалған зорлық-зомбылық дерегі туралы айтты. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысының Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ажар Әбділ өз жазбасында әрекетке қабілетсіз жігіттің 2024 жылғы 27 желтоқсанда ұрланып, зорланғанын мәлімдеді. Жәбірленушінің анасы бірден полицияға арыз жазған.

"Әлі күнге дейін қажетті сараптамалар тағайындалмаған. Қала орталығынан ақ түсті джиптің қорғансыз адамды алып кеткені анық көрінетін бейнебақылау жазбалары алынбаған, бұл көліктің қозғалыс бағытын қадағалау қиындық туғызбайды. Жазбалар екі ай сақталады, бұл – факт. Оқиға хронологиясын қалпына келтіру қиын көрінбейді. Өйткені жәбірленушіні тура қала орталығынан көлікпен алып кеткен... Бірақ сонша камера бола тұра, күдікті әлі анықталмағаны таңғалдырады. Сараптамалардың тағайындалуы туралы тіпті айтпай-ақ қояйын", – деп жазды адвокат.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Іс полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды. Тергеу жалғасып жатыр", – деп хабарлады ведомство.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды
Бүгін, 10:37

Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды

Сот бұрынғы үкімді күшінде қалдырды
Сот процесі кезінде ол журналиске тілін шығарған
Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →