×

"Суықта киімсіз аулада ұстаған": Павлодардағы пансионатта қарттар көрген қорлық

Қорқынышты фактілер мекемедегі бейнежазбаларды зерттеу барысында ашылған

"Суықта киімсіз аулада ұстаған": Павлодардағы пансионатта қарттар көрген қорлық
Сурет: Qaz365.kz/ жасанды интеллектпен жасалған

Павлодар облысында пансионат қызметкерлері қарттарды ұрып-соққан, қорлық көрсеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы сұмдық ақпаратты Ақсу қаласының прокуратурасы мәлімдеп отыр.

“Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактісін Ақсу қаласының прокуратурасы анықтады. Қорқынышты фактілер мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында ашылды. Пансионат қызметкерлері екі дәрменсіз қарияны ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен. Оның біреуінің жасы 84-те. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған”, – делінген хабарламада.

Қазір осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →