×

Екібастұзда сауда орталығының төбесі құлап бес адам зардап шекті

Екібастұзда сауда орталығының төбесі құлап бес адам зардап шекті
Фото: instagram.com/ekibas_v_teme/

Бүгін Екібастұзда сауда үйінің төбесі құлады. Оқиға кешкі 18:00 шамасында болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қаладағы ең үлкен «Maxi Mall» сауда үйінің ғимарат ішінде 150 шаршы метр алаңға аспалы төбе опырылып түскен. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 7 минутта жеткен.

Екібастұз қаласы М.Әуезов көшесі бойындағы сауда үйлерінің бірінде 150 шаршы метр алаңда аспалы төбенің опырылуып қалған, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқиға кезінде «Maxi Mall» сауда орталығында болған 5 адам Екібастұз қалалық ауруханасына өз бетінше жүгінген. Олардың ішінде 2008, 2009 жылдары туған үш бала бар. Зардап шеккендерді ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Дәрігерлер қарап, алған жарақаттарына амбулаториялық ем тағайындалды

Ал өңірлік төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін сауда үйі жабылғанын мәлім етті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді
Бүгін, 09:29

Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Борт командирі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақпен кері қайту дұрыс деп шешкен
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →