×

Алматыдағы пәтерде адам азаптаған полицейлерге сот үкімі шықты

Сонымен қатар полицейлердің басшылары мен әріптестері тәртіптік жауаптылыққа тартылған

Алматыдағы пәтерде адам азаптаған полицейлерге сот үкімі шықты
Сурет: halyq-uni.kz

Алматыдағы тұрғын-үйлердегі пәтерлердің бірінде адамды күштеп ұстап, азаптаған полицейлерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы сот шешімін Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.

«Кінәні мойындау туралы процестік келісімін ескере отырып, сот үкімімен сотталушыларға 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді», –  делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне еніп, полицейлер арнаулы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған. Прокуратура ұсынысы бойынша қарамағындағылардың қызметіне бақылау жүргізбеген әрі қызметтік міндеттерін тиісінше орындамаған 10 полиция қызметкері, оның ішінде 5 құрылымдық бөлімше басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылған. 

Еске сала кетейік, 2023 жылы 29 наурызда полиция қызметкерлері бірі туысының пәтерінде жәбірленушіні бөтеннің мүлкін ұрлағанын мойындату үшін азаптап, заңға қайшы әрекеттерінің салдарынан жәбірленушіге дене жарақатын алған болатын. Кейін жәбірленуші сотқа арызданып, кейін қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокуроры тергеп-тексерген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →