×

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтада 7 жұмысшы үйіндінің астында қалды

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтада 7 жұмысшы үйіндінің астында қалды
Фото:depositphotos.com

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі шахтада 640 метр тереңдікте  тау жынысы опырылып, 7  жұмысшы үйінді астында қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға бүгін 17 ақпанда "Жомарт" кенішінде болған. Кабельдердің үзілуіне байланысты  үйінді астында қалған кеншілермен әзірге байланыс жоқ.

ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта «АСС Серіктес» ЖШС құтқару бөлімшелерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Оқиға орнына дереу Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен Қазақстан ТЖМ психологтары жіберілді.

ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеуде. ТЖМ-де «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Телефон нөмірі: 8 (7271) 55-96-21.
 
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →