×

Заңға мүлде қайшы: Шерзатты өлтірді деп ұсталған күдіктілер қалайша бір камерада отыр

Қазір аталған факт бойынша тексеру амалдары жүргізіліп жатыр

Заңға мүлде қайшы: Шерзатты өлтірді деп ұсталған күдіктілер қалайша бір камерада отыр
Скринфото: әлеуметтік желіден

Заңға сәйкес бір қылмыстық іс бойынша ұсталған күдіктілер бір камерада отырмауы керек. Бұл ереже Шерзат Болаттың ісінде неге сақталмаған? Бұл сұрақты журналистер Шерзат Болаттың туған-туыстарының мүддесін қорғайтын адвокаттардан сұрады деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз Алматы облысы полиция департаментіне осыған байланысты сұрау жолдадық. Онда біз күдіктілердің бәрі қай жерде отырғанын, қай мекеменің қандай изоляторында отырғанын білгіміз келеді. Иә, әлбетте заң бойынша және №95 бұйрыққа сәйкес, бір қылмыстық іске байланысты күдіктілер бір камерада отырмауы керек. Біз кеше видеода ұялы телефонды күдіктілер емін-еркін ұстап отырғанын көріп отырмыз. Демек, олар бір изоляторда отырып, бір-бірінің камерасында жүруі мүмкін. Қазір аталған факт бойынша тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Нәтижесін кейін білеміз, - дейді адвокат Ерлан Адаев.

Шерзат Болаттың адвокаттары күдіктілерді бір камерада отыруға мүмкіндік берген түрме басшылығының әрекетінде қылмыстық құрам бар деп санайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әуежай қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратов 11 жылға сотталды
Бүгін, 09:01

Әуежай қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратов 11 жылға сотталды

Түрксіб аудандық сотында ер адамға қатысты сот үкімі оқылды.
Ол оң қолын, яғни сіңірін жыртып жібергенін айтып отыр.
Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →