×

Ақтаудағы ұшақ апатының себептері жыл соңына дейін белгілі болмақ

Бұл туралы Көлік министрінің орынбасары Талғат Ластаев айтты

Ақтаудағы ұшақ апатының себептері жыл соңына дейін белгілі болмақ
Фото: ашық дереккөзден

Халықаралық ИКАО ұйымы Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебіне қатысты алдын ала есепті жоғары бағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"ИКАО талаптарына, стандарттарына және ұсынылған тәжірибеге сәйкес тергеуге бір жыл беріледі. Тиісінше, тергеу қорытындысы биыл желтоқсанға дейін дайын болуы тиіс. Қылмыстық тергеуге келсек, бұл прокуратура органдарының құзыретіне жатады, осы орайда қылмыстық іспен айналысатын жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстық тергеу мерзімі бойынша өздері түсініктеме береді", - деді Талғат Ластаев.

Оның айтуынша, авиация саласындағы барлық стандарт пен норманы ИКАО ұйымы реттейді. 

"Бір апта бұрын, Абу-Дабиде жаһандық іс-шара барысында ИКАО бас хатшысы және президентімен кездесу өтті. Олар Қазақстанның ұшақ апатына қатысты алдын ала есептің деңгейі мен сапасын жоғары бағалап, фактілердің нақты баяндалуын, ақпараттың нақтылануы мен толықтығын атап өтті", - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →