×

Ақмола облысында автобус жүргізушісі оқушы қызды қағып кетті

Полиция тергеу жүргізіп жатыр

Ақмола облысында автобус жүргізушісі оқушы қызды қағып кетті
Фото: Pixabay.com

Ақмола облысында 10 жасар қызды мектеп автобусы қағып кетті. Салдарынан қыз көз жұмды. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 19 ақпанда Қараөткел ауылындағы IT-мектеп аумағында болған.

"Мектеп автобусының жүргізушісі 2015 жылы туған кәмелетке толмаған қызды қағып кетті. Жәбірленуші оқиға орнында қаза тапты. Аталған факт бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →