Олар Ташкентте күшпен көлікті басып алып, қарақшылық шабуыл жасаған
Ташкентте қарақшылық жасап қашып кеткен Түркия азаматтары Атырау және Шымкент іуежайларынан ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.
“Құқық қорғау органдарының жеделдігі, үйлесімді жұмысы және цифрлық шешімдердің мүмкіндіктері өз тиімділігін көрсетті. Шымкент пен Атырау әуежайларында криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген үш Түркия азаматын ұстады. Ташкентте ер адамдар бетперде тағып, бөтен біреудің көлігін басып алуға тырысқан. Алайда жәбірленушілердің белсенді қарсылығының арқасында шабуылдаушылар өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыра алмаған. Осылайша олар оқиға орнынан ізін суытқан. Қарақшылық жасалғаннан кейін, іздеуге жарияланбастан бұрын қаскөйлердің екеуі Атырау облысында, ал үшіншісі Қазақстанның оңтүстігінде жасырынған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторларына қамауға алынды”, – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда күдіктілердің жеке басы анықталып, аталмыш елдердің құзырлы органдарымен ақпарат алмасу жүріп жатыр.