Оқиға 18 ақпанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданында болған
Ақтөбеде қытай кәмпитін жеген 23 оқушы уланып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеп отыр.
Оқиға 18 ақпанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданында болған.
“Уланған 4-сынып оқушыларынан жүрек айну, көзден жас ағу және бөртпе белгілері байқалған. Жеті бала тамақтан уланған. Қалғандары ингаляциялық жолмен уланған. Қазір жағдайы тұрақты. Кәмпит сараптамаға жіберілген. Тергеу амалдары жүріп жатыр», – делінген Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Мектеп әкімшілігінің айтуы бойынша, оқушылар, мектеп жанындағы дүкеннен қытай тәттісін алған. Оны жегеннен кейін жеті бала өзін нашар сезінген. Тағы тоғызы қатты иістен ауырып қалған. Сынып жетекшісі балалардың жағдайы нашарлағанын байқап, дереу жедел жәрдем шақырған.