×

Алматы облысының бұрынғы әкімі дүниеден өзды

Ол сонымен қатар Сенат депутаты, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін де атқарған

Алматы облысының бұрынғы әкімі дүниеден өзды
Сурет: kerekinfo.kz

Қоғам және мемлекет қайраткері, Алматы облысының бұрынғы әкімі Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы дүниеден озды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев өзінің Facebook-тағы парақшасында ақпарат жариялап, бөлісті.

“Ардақты азамат, асыл дос Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлының дүниеден озуына байланысты ы қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Осындай ауыр күнде қаралы көңілдеріңізге жұбаныш, қайысқан қабырғаларыңызға медет тілеймін. Өмірде болмысы бөлек, ұстанымы берік замандасымыздың айтар асыл ойлары мен халқына берер пайдасы мол еді.Өмірлік жолында адал еңбек етіп, абыроймен өткізген, оң істерінің жемісін қалдырған ардақты азаматтың жарқын бейнесі әрдайым жадымызда.Марқұмның жасаған жақсылықтары сауаптан жазылсын, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Артында қалған ұрпақтарына және жақын туыс-бауырларына ұзақ өмір, амандық тілеймін. Жаратқан ұрпағына ұзақ ғұмыр нәсіп етсін. Асыл азаматтың иманы саламат болсын!”, – деді ол жазбасында.

Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы – еңбек жолын ауылшаруашылығы саласынан бастап, ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы облысының әкімі, Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі лауазымдарын зор абыроймен атқарған. Облыстың, ауданның қоғамдық-саяси қызметтердің ортасында жүріп, жауапты қызметтерде халықтың ризашылығына бөленген мемлекеттік қызметкер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →