Алдын-ала мәліметтер бойынша жұмыс барысында газ-ауа қоспасы жарылған
Петропавлда кәріз коллекторындағы жарылыс кезінде бес жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"19 ақпан күні кешке Петропавлдағы Жуков көшесіндегі үйдің ауласындағы кәріз коллекторындағы ескі құбырды бөлшектеу кезінде алдын ала мәліметтер бойынша газ-ауа қоспасының жарылуы орын алды. Нәтижесінде апаттық бригаданың бес қызметкері зардап шекті", – делінген полиция хабарламасында.
Құқық қорғау органдары Петропавлдағы кәріз коллекторындағы жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеп – тексеру Қылмыстық кодекстің 156-бабы - "еңбекті қорғау қағидаларын бұзу"бойынша жүргізіліп жатыр. Дәрігерлер зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы туралы әртүрлі деңгейде күйік шалған деп отыр.