×

Таразда 5 қабатты үй өртеніп, 23 тұрғын эвакуацияланды

Оқиға бүгін таңертең Абай көшесінде бес қабатты тұрғын үйде орын алған

Таразда 5 қабатты үй өртеніп, 23 тұрғын эвакуацияланды
Сурет: Бейнеден кадр

Таразда бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің үшінші қабаттағы пәтері  өртеніп, 23 тұрғын эвакуацияланды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қалалық Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеп отыр.

“Бүгін таңертең Абай көшесінде бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің үшінші қабаттағы пәтерде үй заттары өртенді. Жедел келген өрт сөндірушілер шағын алаңдағы өртті сөндірді. Баспалдақ маршымен жоғарғы қабаттан 20 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт орнында ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері жұмыс істеген. Зардап шеккендер жоқ.

 

☎️

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →