×

7 жасар баланы зорлау ісі: Прокурор Amanat-тың экс-қызметкерін өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады

Бүгін Жетісу облысында соттың пікірталасы өтті

7 жасар баланы зорлау ісі: Прокурор Amanat-тың экс-қызметкерін өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
Фото: gov.kz

Жетісу облысында жеті жасар баланы зорлау ісі бойынша үкім жақында шығарылуы тиіс. Серікқан Жақыповқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

AMANAT партиясының бұрынғы қызметкері және Ақсу ауданы әкімі аппаратының экс-басшысы былтыр жазда ұсталды. Оның туысы сол кездегі шенеунікті жеті жасар баласын зорлады деп айыптап, арыз жазған. Кейін бұл айып тексеру кезінде расталды.

Бүгін Жетісу облысында соттың пікірталасы өтті. Мемлекеттік айыптаушы Ерлен Жантасов Жақыповқа өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Үкім жақын күндері шығуы мүмкін.

Серікқан Жақыпов 2020 жылдың күзінде Ақсу ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды. 2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің этикасына жауапты уәкіл болды. Ал 2024 жылдың 31 наурызында аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Апат салдарынан үш адам қаза тапты
Мектеп әкімшілігі мәселені ата-аналар өз арасында шешсін деп айтқан көрінеді
Партия қызмет түрлерінің тізімін 364-тен 40-қа дейін қысқартуға жол берілмеуін талап етеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →