×

Шымкентте көпбалалы әке ес-түссіз, жанып жатқан жерінен аман қалды

Қазір бес баланың әкесі дәрігерлердің қарауында

Шымкентте көпбалалы әке ес-түссіз, жанып жатқан жерінен аман қалды
Сурет: Бейнеден кадр

Шымкентте көпбалалы әке ес-түссіз еденде киімі жанып жатқан жерінен аман қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға Патрульдік экипаж арнайы жарық сигналды қондырғыны қардан тазарту үшін жақын маңдағы көлік жуу орталығына барған кезде орын алған.

“Көлік жуу орталығында шақыруға ешкім жауап қатпағандықтан, сақшылар орталық жұмысшыларын табу мақсатында ғимаратқа кірген. Қалың түтінге толы бөлме ішінде киімі жанып, ес-түссіз жатқан адамды көріп, инспекторлар Жұмахан Шымырбаев пен Жандос Сүлейменов бірден көмекке кіріскен. Полицейлер азаматты сыртқа шығарып, өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Көп ұзамай бес баланың әкесі дәрігерлердің қолына тапсырылды. Тәртіп сақшыларының жылдам әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды”, – делінген Полицияч хабарламасында.

Жалын еденге құлаған ауа жылытқыштан шыққаны анықталды. Полиция азаматтарды осыған ұқсас құрылғыларды қолданған кезде мұқият болуға және жазатайым оқиғаны болдырмау үшін барлық сақтық шарасын қатаң сақтауға шақырады.✔️

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады
Кеше, 11:35

Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады

Сондай-ақ Мұса Әбдірайымға ақшалай сыйақы табысталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →