×

Көкшетаулық қылмыскерлер астаналықтың ұлын ұрлап, 200 мың теңге бопсалаған

Оқиға демалыс күндері Көкшетауда орын алған

Көкшетаулық қылмыскерлер астаналықтың ұлын ұрлап, 200 мың теңге бопсалаған
Сурет: Aldo Luud / Õhtuleht

Көкшетауда бала ұрлап ақша бопсалаушылар тобы ұсталды,

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Өткен демалыс күндері Көкшетау қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес құрылымы, патрульдік полиция және жедел басқару орталығы қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен бопсалаушылар тобының әрекеті тоқтатылды. Жедел қызметкерлерінің мәліметінше, бопсалау фактісі бойынша өтініш Астана қаласының полициясына түскен. Елорда тұрғыны белгісіз адамдар ұлын заңсыз ұстап, одан 200 000 теңге бопсалап жатқанын хабарлаған. Полиция қызметкерлері әйелдің берген мәліметі бойынша қаскүнемдердің жүретін көлігін анықтады. 1 наурызда көрсетілген көлік Көкшетау қаласындағы жедел басқару орталығының камераларымен тіркелді. Автокөлік туралы ақпарат дереу патрульдік жасақтарға жіберілді. Көлік тоқтатылып, жүргізуші мен жолаушылары полицияға жеткізілді. Іс жүргізу барысында бір жолаушыдан 45 түйіншек табылды, олардың синтетикалық есірткі болуы мүмкін. Тәркіленген түйіншіктер сараптамаға жіберілді. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі күдіктінің бопсалау фактісіне қатыстылығын тексеріп жатыр”, – делінген Полиция хабарламасында.

Қазір барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда ағаш бұтағы құлап, 27 жастағы әйел қаза тапты
Бүгін, 14:15

Алматыда ағаш бұтағы құлап, 27 жастағы әйел қаза тапты

Марқұм сол аумақтағы кеңселердің бірінде бухгалтер қызметін атқарған.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сотта тағы бір куәгер жауап берді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша куәгердің бірі сотталушы Ернар Жиембаймен сөйлескен сәтін айтып берді
Шымкентте Руслан Берденовтің сотында кезекті куәгерлер жауап беріп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →