×

«Қолқаны қапқан иіс»: Маңғыстау облысының тұрғындары әкімдік берген үйлердің былығын айтты

Үш қабатты көп пәтерлі үйде 30 баспана бар

«Қолқаны қапқан иіс»: Маңғыстау облысының тұрғындары әкімдік берген үйлердің былығын айтты
Фото: Almaty.tv

«Әкімдік берген баспана бүлінгелі тұр». Осылай деп шағымданған Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының жұрты пәтер қабырғаларының көгеріп, сыз тартып кеткенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Almaty.tv-ке сілтеме жасап.

Бұл – Жәмила Ағатаеваның пәтері. Қабырғаларын көк басып тұр. Төбесі де шұрық тесік. Жауын жауса, баспананың ішіне су ағады. Алты баланың анасы барар жерім болмаған соң «қолқаны қапқан иісті жұтып отыруға мәжбүрмін» деп отыр. Ал ол денсаулыққа өте зиян. Оның үстіне үйдегі жылу да мардымсыз. Арқа сүйер азаматы бір жыл бұрын бақилық болған.

 «Әкімшілікке бардым. 2023 жылдан бері мәселені айтып жатырмыз. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Шаршадық», – деді Маңғыстау ауылының тұрғыны Жәмила Ағатаева.

Үш қабатты көп пәтерлі үйде 30 баспана бар. Қазіргі таңда 29 отбасы үйді паналап отыр. Бірнеше күннен бері толассыз жауған қар жұртты әбігерге салған. Үйдің төбесін қардан тазалағанымен, еріген су бәрібір бірінші қабатқа дейін өтіп кетіпті.

 «Су өтпейтіндей жөндеп, адам тұратындай жағдай жасап беруі керек ғой. Стандартқа сай келмейтін тұрғын үйді әкімшілік не үшін қабылдап алады? Бізге не үшін ескертпей береді?» – деді Маңғыстау ауылының тұрғыны Нұрсұлтан Аманшаев.

Шенділер мәселеге қанық. Әуел баста жергілікті бюджеттен аталған тұрғын үйді сатып алу үшін 252 млн теңге жұмсалған. Оның құрлысын 3 мекеме жүргізген. Әкімдік оларды сапасыз жұмыстары үшін сотқа беріп, нәтижесінде жеңіп шыққан. Шешім 28 ақпан күні күшіне енген.

 «Бір ай күші болады. Заңды күшіне енгеннен кейін, келмесе, әрі қарай сот орындаушыларға жібереміз. Барынша тұрғын үйді тезірек жөндеуге тырысып жатырмыз», – деді Мұнайлы ауданы ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Ғабит Салихов.

Әкімдіктергілер тұрғындардың ауыз суы мен жылуын бүгіннен қалдырмай реттеп беруге уәде берді. Екі жылға кепілдік берген мердігер компания да жауапкершіліктен жалтармайтынын жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Хат қалдырып кеткен». Төрт баланың әкесі полициялерді кінәлап асылып өлген
07.03.2025ж. 00:49

«Хат қалдырып кеткен». Төрт баланың әкесі полициялерді кінәлап асылып өлген

Хат иесі ет жақындарынан кешірім сұрап, оларға балаларын аманаттаған.
Азғындардың үшеуі – жігіттің туысты, ал екеуі тіпті кәмелет жасқа толмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →