×

Пәтеріне шектен тыс адам тіркегендерге қанша айыппұл салынатыны айтылды

Заңсыздықтарға жол бермеу

Пәтеріне шектен тыс адам тіркегендерге қанша айыппұл салынатыны айтылды
Фото: canva.com

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанада пәтеріне шектен тыс тұрғын тіркегендерге қандай жаза қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Айыппұлдың көлемі мен мерзімін әлі пысықталып жатыр. Ол үшін Әкімшілік кодекске арнайы заң керек”, — деді Серік Жұманғарин.

Министрдің орынбасары Бауыржан Омарбеков оның жауабын толықтырып өтті. 

“Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекс бойынша, қазір пәтеріне шектен тыс тұрғындарды тіркеген азаматтарға 10 айлық есепті көрсеткіш (39 320 теңге) айыппұл көзделген. Ұсынылып отырған заң жобасында осы соманы екі есе көтеру, яғни 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде жауапкершілік жүктелетіні айтылған”, — деді ол.

Ол заңсыздықтарға жол берген халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарына қандай жаза қолданылатынын айтты.

“Олардың жауапкершілігі басқаша болады. Мәселен, жалған құжат жасау әрекеттері анықталса, қылмыстық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін”, — деді Омарбеков .

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Берденов күніне 9-10 қадам баса бастады - Сырымбек Тау
Кеше, 15:24

Берденов күніне 9-10 қадам баса бастады - Сырымбек Тау

Оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болды.
Мәлімдемеде әкесі ата-ана үшін бұл жағдай — нағыз ауыр соққы болғанын айтты
2022 жылы «Серік Голова» журналист Оралғайша Омаршанованы 2007 жылы өлтіргенін абақтыда айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →