×

Ақтауда құдыққа құлап, күйіп қалған мектеп оқушысы жансақтау бөлімінде жатыр

Оқыс оқиға 2025 жылдың 4 наурызында Ақтау қаласында болған

Ақтауда құдыққа құлап, күйіп қалған мектеп оқушысы жансақтау бөлімінде жатыр
Видеокадр

Ақтауда 11 жастағы бала құдыққа құлап, қатты күйіп қалды. Денесінің 30 пайызы күйіп қалған оқушы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz
Оқыс оқиға 2025 жылдың 4 наурызында Ақтау қаласында болған. 11 жастағы бала аяғы тайып, құбырдан аққан ыстық суға құлаған. Себебі жылу құбыры жарылып, іші ыстық суға толып кеткен. Сондықтан коммуналдық қызметтер жарылыс туралы осы оқиғадан соң ғана білген.


 «Баланың екі жамбасы, балтыры мен аяқтарын екінші, үшінші дәрежелі күйік шалған. Бала денесінің 30 пайызы күйіп қалған. Травматикалық шоктың болуына байланысты реанимация бөлімшесіне жатқызылған. Қазірде баланың жағдайы ауыр. Есін білгенімен, мазасыздық байқалады. Қазіргі уақытта ол реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жүрек соғысы мен тыныс алуы тұрақты. Травматологтармен бірге күйік жараларын хирургиялық өңдеу жүргізілді», - дейді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Мереке Бекбаев.


Коммуналдық мекеме мамандары құбырдан ақау шығып, жарылғанын мойындап отыр. Апат болған жерде шұңқыр пайда болып, ішіне ыстық су жиналған. Сол құдыққа көшеде ойнап жүрген бала құлап кетіпті. Осы оқиғадан кейін кішкентай науқастың анасы коммуналдық мекеме басшыларын жауапқа тартуды талап етіп отыр. Ал облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, апатқа кінәлілер анықталып жатқанын хабарлады. 


«Кеше сағат жеті жарым шамасында жедел диспетчерлік қызметке қоңырау түскен. Жылу жүйесі жарылды деді. Біздің қызметкерлер 20 минуттың шамасында келіп, болған жайтты анықтап, суды жапты. Сол уақытқа дейін бала түсті. Астында магистралдық желі болған соң жарылыс қатты болуы себебінен шұңқыр пайда болған. Сол уақытқа бала түсіп кеткен», - дейді «Каспий жылу су арнасы» мекемесі басшысының  орынбасары Рауан Жеңіс.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада жүк көлігі жеті жасар оқушыны басып кетті
Бүгін, 16:14

Астанада жүк көлігі жеті жасар оқушыны басып кетті

Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Азғындардың үшеуі – жігіттің туысты, ал екеуі тіпті кәмелет жасқа толмаған
Бұл туралы Ішкі істер министрі айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →