×

«Балама мәжбүрлеп несие алдырған»: Түркістан облысында айуандықпен өлтірілген жігіттің денесі айдаладан табылды

Мүгедектігі бар бозбаланың мәйіті арада екі күн өткенде бір-ақ анықталды

«Балама мәжбүрлеп несие алдырған»: Түркістан облысында айуандықпен өлтірілген жігіттің денесі айдаладан табылды
Коллаж Qaz365.kz

 Түркістан облысында айуандықпен өлтірілген жігіттің денесі айдаладан табылды. 19 жастағы Жасұлан Әбдіманап 20 ақпанда үйінен моншаға шығып кеткен. Сол күйі үйіне оралмаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мүгедектігі бар бозбаланың мәйіті арада екі күн өткенде бір-ақ анықталды. Марқұмның жақындары кенже ұлын азаппен өлтіргендер бөтен емес өз ауылдастары екенін айтады. Анасы Райхан Жамалованың сүт кенжесін жоқтап отырғанына міне 10 күннен асты. 20 ақпан күні Жасұлан анасына айтып, көрші үйдің моншасына кеткен. Әр қадамын жақындарына ескертіп отыратын жігіттен түн ішінде байланыс үзілген. Анасы полицияға хабарлап, туған-туыспен іздеуге кіріседі. Екі күннен кейін адам аяғы баспайтын жапан даладан баласының азапталған денесі табылған.

«Көшенің бұзық балалары айдалаға апарып, баламның істеген жақсылығы үшін осындай аяусыздықпен 14 жерінен пышақ ұрып, жауыздықпен өлтіріп отыр және ешкім білмей қалады деді ме?» - дейді марқұмның анасы. 

Жасұлан Әбдіманаптың екінші топ мүгедектігі болған. Анасы төрт баланың кенжесінің басынан 8-сыныпта ісік алынғанын айтты. Ауыр дертті жеңген жігітті содан бері ауыр жұмысқа жекпеген жақындары оның өліміне өзінің мейірімділігі себеп болғанын айтады. Сөздерінше, өзінен үлкен ауылдастары аналарының ауырып жатқанын айтып, Жасұланға несие алдырған.

«Менің баламның бір-ақ айыбы олар менің баламды алдап, анам ауырып жатыр. Маған кредит бермей жатыр сенікі таза болса, алып берші деп алдырған екен. Сөйтіп, 2-3 айдан бері балама кредит алдыртып жүрген. Оны менің балам бізге намыстанып айтпаған. «Соны енді төлеңдер. Уақыты келіп қалды. Черныйға кіріп кетпейін үйдегілер білмейді» деп айтқанға олар осы дәрежеге жеткізіп отыр менің баламды», - дейді Райхан Жамалова.

Жақындары Жасұланның бір емес бірнеше адам қолынан азаппен ажал құшқанына сенімді. Алайда әзірге адам өлтіру бабымен қозғалған істе бір адам ғана күдікке ілініп, қамауға алынған. 

Тергеу басталды

ҚР ІІМ оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы Шымкент бөлімінің өндірісінде қылмыстық кодесінің 99-бабы 1-бөлігімен көзделген адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған күдікті анықталып, ҚР ҚПК-нің 128-131 баптарының тәртібімен ұсталған. Райхан Жамалова ұлын айуандықпен өлтіргендердің барлығы жазасыз қалмауын талап етті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада жүк көлігі жеті жасар оқушыны басып кетті
Бүгін, 16:14

Астанада жүк көлігі жеті жасар оқушыны басып кетті

Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Азғындардың үшеуі – жігіттің туысты, ал екеуі тіпті кәмелет жасқа толмаған
Оқыс оқиға 2025 жылдың 4 наурызында Ақтау қаласында болған
Бұл туралы Ішкі істер министрі айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →