×

Түркістан облысында алты ер адам 24 жастағы мүгедекті бірнеше жыл зорлап келген

Азғындардың үшеуі – жігіттің туысты, ал екеуі тіпті кәмелет жасқа толмаған

Түркістан облысында алты ер адам 24 жастағы мүгедекті бірнеше жыл зорлап келген
Көрнекі сурет: HTWE/Shutterstock

Түркістан облысында алты ер адам 24 жастағы мүгедекті бірнеше жыл зорлап келген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 7 арнаға сілтеме жасап.
Азғындардың үшеуі – жігіттің туысты, ал екеуі тіпті кәмелет жасқа толмаған. Олар арам ойларын көбіне моншада жүзеге асырған. Жылдар бойы қорлық көрген жігіт оқиғаны анасына айтып берген. Қазір күдіктілер ұсталды. 
Түркістанда мүгедекке зорлық-зомбылық көбейді. Психологиялық дамуы тежелген 24 жастағы жігітті 6 ер адам зорлаған. Оның үшеуі – туысы.

ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:


- Қайнымның 3 баласы кезек-кезегімен балама жаман ойларын іске асырып келген. Одан кейін бұны өзінен 10 жас кіші бала да зорлап келген. Өзінен үлкені де зорлап келген. Маған болған жағдайды 18 ақпан күні айтып берді.

Анасының айтуынша, мүгедек баласын жасөспірімдер де қинаған.

ГҮЛАЙХАН ТҰРСҰМАНОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АДВОКАТЫ:

Жәбір алған жігіттің денсаулығы қалыпты. Осы оқиға бойынша анасына жауап бергенде кім тиіскенін, қалай, қашан тиіскенін, қай жерде анық-қанық айтып отыр. Бір айдан кейін экспертизалар, қорытындылар дайын болғаннан кейін әрі қарай тергеу амалдары жүргізіледі.

Ал полиция: «Күдіктілерден жауап алынды, тергеу жүріп жатыр», - деп мәлімдеді.
Қылмыстық кодекстің «Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалану, еркек пен еркектің жыныстық қатынасы» бабымен іс қозғалды.  

ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:


- Қазір тиісті сараптамалар алынды. Жедел тергеу жалғасып жатыр. Нәтижесі шыққан соң, заңды шешім қабылданады. Істі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығы бақылап отыр.


Әділдік іздеген ананың өзі де қысымға ұшыраған көрінеді. Оның айтуынша, ауыл тұрғындары мен ақсақалдар арызды қайтып алуға мәжбүрлеп, ауылдан кетесің деп қорқытыпты.


ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:


- Барынша әділ шешім шығатын шығар деп күтіп отырмын. Бірақ көзім жетпейді. Лажы болса, әділ шешілсе екен деймін.


Ұлының болашағына алаңдаған әйел істің заң аясында қаралып, кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада жүк көлігі жеті жасар оқушыны басып кетті
Бүгін, 16:14

Астанада жүк көлігі жеті жасар оқушыны басып кетті

Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →