×

Әуежайда қаскөйді ұстауға көмектескен азамат әнші Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты

Сондай-ақ қызы белгілі актриса Аружан Мұсаның әкесі.

Әуежайда қаскөйді ұстауға көмектескен азамат әнші Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты
видеодан скриншот

Бүгін Алматы әуежайында қаскөйдің қолынан пышақты жұлып алған ер адам туралы жаңа ақпараттар пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әуежай қызметкерін қаскөйден аман алып қалған ер адам – 52 жастағы Мұса есімді тұрғын. Ол танымал әнші, «Жігіттер» тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты. Сондай-ақ қызы белгілі актриса Аружан Мұсаның әкесі. Актриса жарнама роликтеріне түсіп, «Тырна» сериалында басты рөлдердің бірін сомдаған. 

Мұса Сайрамбайұлы. 1973 жылы, Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында дүниеге келген. 9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен шұғылданған. Қазіргі таңда 5 баласы бар, ардақты әке. Бүгінгі ерлігі рас ел шулап жатыр. Намысты жігігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді…
Ешкім батыр боламын, қахарман боламын деп жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз ерлік.Бұлай қаһарман боларын білгенде таңда бізді шығарып салғанда суретке түсіп алар едік. Ол 9:25 те Қостанайға ұшқанда көргенбіз, аманатын ап кеткенбіз. Мемлекеттік марапатқа да ұсынып үлгеріпті, - дейді әнші.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде балалар бар
Бүгін, 09:12

Түркістан облысында өрттен 12 адам қаза тапты: ішінде балалар бар

Тоқаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты
Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді
Осындай мазмұндағы қауесеттер бұған дейін Ақтауда да тараған еді.
Өрт станцияға таралмай, дер кезінде тоқтатылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →