×

Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады

Сондай-ақ Мұса Әбдірайымға ақшалай сыйақы табысталды

Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Әбдірайым Мұса Сайранбайұлын «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сондай-ақ, Мұса Әбдірайымға ақшалай сыйақы табысталды.

52 жастағы азамат жолаушы ретінде Алматы халықаралық әуежайының ұшуға дейінгі тексеру аймағына кірген қылмыскердің қолындағы пышағын тартып алды. Батылдық пен шапшаңдықтың арқасында ол әуежай қызметкерінің өмірін сақтап қалды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына орасан зор көңіл бөліп, құрмет көрсеткені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Біздің елде әрқашан бейбіт аспан, келісім мен өркендеу болсын!», - деді Мұса Әбдірайым.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты
Кеше, 16:40

Қарағандыда полицей жанынан табылған жалаңаш әйелге қатысты жаңа дерек шықты

Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған
Туыстары құрылыс алаңында қауіпсіздік талаптары сақталмағанын айтады
Қайғылы оқиғаның кадрлары 30 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →