×

“Қозғалтқыштан ақау шығып, күйік иісі сезілді”. Ақтаудан шыққан ұшақ әуежайға қайта оралды

Экипаж командирі қозғалтқыштың істен шыққанын хабарлаған

“Қозғалтқыштан ақау шығып, күйік иісі сезілді”. Ақтаудан шыққан ұшақ әуежайға қайта оралды
Фото: Shutterstock.com

Air Astana әуе компаниясының Ақтау – Алматы бағыты бойынша ұшып шыққан рейсі қозғалтқыштағы ақауға байланысты ұшып шыққан әуежайына қайта оралды. Бұл ақпаратты әуе компаниясының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Салонда жарық сөніп, қорқынышты гуіл естілді, күйік иісі сезілді. Бортсеріктер айтарлықтай қобалжып, ары-бері жүгіріп жүрді. Не болып жатқанын түсінбеген жолаушылар бір-біріне қарап, үнсіз отырды”, – деп жазды жолаушылардың бірі әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, экипаж командирі қозғалтқыштың істен шыққанын хабарлап, ұшақтың Ақтауға қайта оралатынын айтқан.

Air Astana баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 8 наурызда Ақтау – Алматы бағытындағы KC 868 рейсі ұшып шыққан әуежайына қайтып оралған.

“Экипаж №1 қозғалтқыштағы май деңгейінің төмендігі туралы техникалық ескертуге байланысты оны өшіріп, талапқа сәйкес әрекет етті. Ұшақ Ақтауға сәтті қонды. Жолаушылар әуе компаниялар тобының резервтік ұшағымен жеткізілді”, – деп хабарлады әуе компаниясы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Белін босатқан кезде әзер қашып үлгердім». Алматылық әйел ұшқыш азғындық жасағанын айтты
Бүгін, 16:27

«Белін босатқан кезде әзер қашып үлгердім». Алматылық әйел ұшқыш азғындық жасағанын айтты

Менен күштеп шешіп алған іш киімім, күртешем, кроссовкам, телефоным мен күртешем пәтердің ішінде қалды.
Рюкзагында "бомба" бар деп жолаушыларды қорқытқан
Сондай-ақ Мұса Әбдірайымға ақшалай сыйақы табысталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →