Менен күштеп шешіп алған іш киімім, күртешем, кроссовкам, телефоным мен күртешем пәтердің ішінде қалды.
Алматылық әйел қазақстандық әуе компанияның ұшқышын өзіне азғындық жасап, зорлады деп отыр. Жәбірленушінің айтуынша, жантүршігерлік жағдай былтыр қазан айында болған, деп хабарлайды Qaz365.kz Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Жәбірленуші Алматы іргесіндегі атқыштар полигонында жатыққан. Ал оқиға 2024 жылы 6 қазанда болған.
Жаттығу аяқталған соң әйелдің бапкері полигонда бірге жаттыққан бейтаныс Б. есімді адамға жәбірленушіні Алматыға дейін апарып тастауын сұраған. Бейтаныс адам бапкердің бұл өтінішіне келіскен.
Бапкерім мұндай ұсынысты өзі жасаған соң менде ешқандай қорқыныш болмады. Оның көлігіне отырдық. Алайда көліктің маркасы мен нөмірі есімде жоқ. Өйткені жүргізушіні бұрын-соңды көрген емеспін және танымаймын. Жолда кетіп бара жатып түрлі тақырыпта әңгіме қозғадық, – дейді әйел.
Оның айтуынша, ер адам сырттай ұстамды, тәрбиелі көрінген. Тіпті танысып, сөзге тартуға да тырыспаған соң, ешқандай зорлық жасайды деген күмәні болмапты.
Сөйтіп, қорқуға еш негіз болмаған соң жолда көз шырымын алып, ұйықтап кеттім. Жол ұзақ еді, жаттығудан кейін де шаршағаным тағы бар. Ұйқыдан тұрсам Алматыда екенбіз, бірақ қай жерде, қай көшеде екенімді білмедім. Қайда тұрғанымызды одан сұрадым. Жүргізуші жауаптан жалтарғандай, дәмханаға кіріп қуаттағышын алатынын айтты. Қолымен нұсқап ғимаратты көрсеткен соң ешқандай күмән тумады. Ғимарат кеңесеге ұқсағандай болды, – дейді жәбірленуші.
Осылайша ер адам әйелге өзімен бірге жүруді ұсынған. Алғашында ұсыныстан бас тартқан келіншек, қоймай сұраған соң келіскен. Сөйтсе ол әйелді өз пәтеріне алып келген. Пәтерге кірген бетте ер адам құрышпен қапталған есікті құлыптап, әйелге тап берген.
Жақындап келіп, қолымдағы телефонды жұлып алды да, есікті жапты. Қорыққаным сонша шок күйде тұрып қалдым. 102-ге хабар беретінімді айтып айғайладым, көмекке шақырдым. Мұны көріп ол ашуланып, тамағымнан ұстап, төсекке қарай сүйреді. Барынша қарсыласып, тұруға тырыссам да ол мені қайта төсекке итерді. Жылап, айғайлап, бұл әрекетін тоқтатуын өтіндім. Маған тиіспей, жібер сал дедім.Ол ессіз, сексуалдық агрессивті адамдай көрінді. Менің сөздерімді естімеді. Айғайлап, адамдарды көмеке шақырғанда «Мен сені өлтіремін, қозғалма» деп айғайлады, – дейді жәбірленуші әйел.
Солай ер адам төсекте тірлігін бітірген. Қару-жарақтың қапшығы жақын жерде жатқанын көрген әйел өзін расымен өлтіріп тастайды деп қорыққан.
Қайда барып жазсаң да, маған ештеңе болмайды, ал мен сені өлтіремін. Менің айғайым оны одан сайын ашуландырды. Ол мені балағаттап, жынға ұқсас дауыспен күлді. Мүмкін ол есірткінің түрін қабылдаған болар, – деп топшылайды әйел.
Еркек зорлық жасап, белін босатқан кезде жәбірленуші сол сәтті пайдаланып қашып кеткен.
Еденнен шалбарымды алып, есікті ашып, жалаңаяқ қашып кеттім. Жалаңаш болғандықтан ол мені пәтердің табалдырығына дейін қуып, жете алмады. Сыртқа шыққан соң басым айналып, жүрегім көтерілген соң жай жүре бастадым. Ол мені терезеден ата ма деп қорықтым. Ауладан шыға алмадым, ал қақпада код теру керек екен. Сөйтіп қақпадан секіріп өтуге мәжбүр болдым, – дейді жәбірленуші.
Әйелдің қашқан сәті видеоға түсіп қалған.
Ол жақын маңдағы дәмханаға барып, ондағы қызметкерлер оған полиция мен жедел жәрдем шақыруға көмектескен.
Менен күштеп шешіп алған іш киімім, күртешем, кроссовкам, телефоным мен күртешем пәтердің ішінде қалды. Олар – маңызды айғақ. Полиция қызметкерлері пәтерді қылмыс болған күні емес, 8 қазан күні тінтуге барды. Пәреден телефоным мен мені зорлағандағы майды тауып алды. Ал айғақ бола алатын заттарым табылмады, – дейді жәбір көрген әйел.
Оның ойынша күдікті немесе оның жақтастарының бірі пәтерді тазалауға көмектескен. Сондай-ақ тінту жұмыстары кешігіп жүргізілген қоймада бірнеше пакетке оралып, жасырылған әйелдің заттары табылған. Жәбірленуші, бұған дейін тағы бір әйел өзі секілді пәтерден жалаңаяқ қашуы мүмкін деп ойлайды.
Әйелдің айтуынша, біраз уақыттан кейін ер адам оның заттарын қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген. Күдіктінің бұл әрекеті бейнекамераға түсіп қалған.
Сондай-ақ пәтерден 20 мың оқ табылды.
Жәбірленуші 6 ай уақыт өтсе де, күдіктің әлі ұсталмағанын айтып, шағымданды.
Алты ай өтті, полиция істі созып жатыр. Меніңше, полиция істі жапқысы келеді. Осылайша күдіктінің мүдессін қорғамақ. Менің, анамның және адвокаттардың өтінішінен кейін, үш айдан кейін ғана менің ісімді Бостандық ауданының әкімшілігі полиция бөліміне тапсырды, – дейді ол.
Алматы қаласы полиция департаменті жәбірленушінің шағымы бойына қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Іс жүргізу шеңберінде тергеудің объективтілігі, жан-жақтылығы және толықтығы қағидаттары қамтамасыз етіледі. Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында, – делінген хабарламада.