×

"Баспана – жаңа өмірдің бастауы": Марқұм Шерзат Полаттың әпкесі баспаналы болды

Перизат Нұрымова  – Алты баланы тәрбиелеп отырған батыр ана

"Баспана  – жаңа өмірдің бастауы": Марқұм Шерзат Полаттың әпкесі  баспаналы болды
Сурет: Бейнеден кадр

Марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымованың отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Qaz365.kz .

Мұндай жаңалықты азаматтық белсенді Дінмұхамед Қаматай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Шерзаттың бауыры Перизаттың қайғылы жағдайдан кейін отбасы қиын кезеңді бастан өткерді. Қауіпсіздік мәселесі барлығымызды алаңдатты. Осыған байланысты біз оларға қолдау көрсету үшін жаңа үй сатып алдық. Бұл үй тек баспана ғана емес, ол – жаңа өмірдің бастауы. Алты баланың батыр анасы Перизаттың қолдаушысы болған сіздер. Бұл қадам олар үшін жай ғана баспана емес, болашаққа деген сенім мен жаңа өмірге қадам басуға мүмкіндік береді. Қоғамдық бірліктің маңыздылығын көрсету үшін, осындай жағдайда қолдау көрсету әрқайсымыз үшін маңызды. Біз Перизаттың отбасына қиын сәтте көмек көрсетіп, оларды жалғыз қалдырмайтынымызды білдіргіміз келеді. Бұл бастаманы қолдаған барлық жанашырларға алғыс айтамыз!", –  деді Дінмұхамед Қаматай.

Перизат Нұрымова да осы игі іске бастамашы болған, қолдаған барша қазақстандықтарға алғысын білдірді.

"Барша халқыма алғысым шексіз. Үлес қосып, бізге көмектескен жанашыр халқыма алғыс айтамын", –  деді Шерзаттың әпкесі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды
Бүгін, 10:37

Шерзат Полат ісі: Аппеляциялық сот қандай шешім шығарды

Сот бұрынғы үкімді күшінде қалдырды
Сот процесі кезінде ол журналиске тілін шығарған
Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →