×

Алматыда жасөспірім баланы сабаған төрт қыздың кім екені анықталды

Қылмыстық іс қозғалған

Алматыда жасөспірім баланы сабаған төрт қыздың кім екені анықталды
Фото: shutterstock

Алматыда бір топ жасөспірім қыз баланы аяусыз соққыға жығып, оның жеке заттарын тартып алғаны жайлы Qaz365.kz редакциясына жәбірленушінің анасы хабарлаған еді. Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Әуезов аудандық полиция басқармасы тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. 15 пен 17 жас аралығындағы кәмелетке толмаған төрт қыздың жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді.
Қазіргі уақытта күдіктілердің ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізілуде. Олар тіркеуге алынды», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар қылмыстық іс бойынша әрбір күдіктіге қатысты материалдар Әуезов ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Құтқару жұмыстары аясында 30-ға жуық жас итбалықтарды суға қайтарылған
Әйелдің айтуынша, оқиға 8 наурыз күні «Азия Парк» сауда-ойын-сауық орталығында болған.
Кәбілдер құрылысқа, логистикаға, теміржолдардың пайдасына жарайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →