×

Шымкентте зейнеткерді ұрып, үшінші қабаттан лақтырып жіберген

Қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте зейнеткерді ұрып, үшінші қабаттан лақтырып жіберген
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте зейнеткерді ұрып-соғып, үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жібергені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Криминальный Казахстан» Telegram арнасының мәліметінше, Шымкентте 12 наурызға қараған түні Қабанбай батыр көшесіндегі 11-үйдің ауласынан 77 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол үшінші қабаттағы пәтерде екі танысымен ішімдік ішкен, алайда арты жанжалға ұласқан. Ер адамды ұрып-соғып, терезеден лақтырып жіберген, алған жарақаттарынан ол оқиға орнында қайтыс болды.

Полицейлер екі күдіктіні – 66 жастағы ер адам мен 44 жастағы үйсіз-күйсіз жүрген ер адамды ұстады. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі («Ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары жалпақ жұрттан кешірім сұрады
Бүгін, 15:11

Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары жалпақ жұрттан кешірім сұрады

Жәбірленушінің жақындары жалған ақпарат таратқанын айтып, бейнежазба түсірді
Ер адамның мәйіті Ақтөбедегі №38 мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған
Сегіз баланың анасы орны толмас өкінішке ұшыратқан жағдай жайлы айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →