×

"Оны сарайда ұстап, ұрып-соғып жатыр": Қазақстан азаматшасы Камбоджада тұтқында отыр

Оны тоқтаусыз ұрып-соғу денсаулығын нашарлатып, жүрек ауруына ұшыратқан

"Оны сарайда ұстап, ұрып-соғып жатыр": Қазақстан азаматшасы Камбоджада тұтқында отыр
Сурет: Dinara Smailova/Facebook

Қазақстан азаматшасы Камбоджада тұтқынға алынып, азапталып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы "НеМолчи.kz" қорына қыз азаматша құрбысының Камбоджада тұтқында болғанын, онда оны күштеп ұстап, зорлық-зомбылық көрсетіп жатқанын айтқан. Жағдай туралы қор басшысы Динара Смайылова қызды құтқару үшін барынша бұл ақпаратты көбірек жариялап, таратып ресми органдарды көмектесуге шақырып отыр.

Қыздың айтуынша, оның құрбысы отбасындағы қиын қаржылық жағдайға байланысты Камбоджаға қытайлық компанияға ақша табу үшін кеткен. Алғашында жұмыс қалыпты болып көрінді, бірақ кейінірек нағыз сұмдық басталған. Оның төлқұжаты алынып,жүріп-тұру еркіндігі шектеліп, қатаң бақылауда жатақханаға орналастырылады. Содан кейін қоқан-лоққы мен ұрып-соғу басталған.

"Бірде ол полицияға қоңырау шалған, бірақ оны ұстап отырғандар сол жерде полицияны сатып алған. Полиция көмектесудің орнына оны қараусыз қалған сарай-қораға қамап кеткен. Қазір ол жан түршігерлік жағдайда еш жуынбастан, дәретханаға кіре алмастан лас еденде жатуға мәжбүр. Оны тоқтаусыз ұрып-соғу денсаулығын нашарлатып, жүрек ауруына ұшыратқан. Ол маған қатаң бақылауға қарамастан телефонмен жасырынып, байланысқа шыға алды. Оны ұрып – соғу әлі жалғасып жатыр. Ол өз өмірі үшін қорқады", –  деді қыздың құрбысы қорға.

 "НеМолчи.kz" қоры Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігімен байланысқа шыққан. Өйткені Камбоджада елдің дипломатиялық өкілдігі жоқ. Алайда, Смайылованың айтуынша, дипломаттар төрт күннен бері еш хабарсыз. Жағдайға қатысты әлі белсенділік танытпаған.

"Енді уақыт жоқ! Біз көмектесе алатындардың бәрінен жәрдем сұраймыз. Әлеуметтік желілерде шу шығарып, белсенділік танытып ресми органдарды, БАҚ-ты, блогерлерді, халықаралық ұйымдарды белгілеңіз. Адамды құтқаруға көмектесіңіз!"—  деп мәлімдеп отыр қор басшысы Динара Смайылова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағы құспен соқтығысқан
Бүгін, 15:06

SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағы құспен соқтығысқан

Оқиғаға қатысты компания өкілдері пікір білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →