×

Алматы-1 – Сарыөзек бағытында локомотив пен автокөлік соқтығысты

Оқиға бүгін, 17 наурызда сағат 04:05-те орын алған

Алматы-1 – Сарыөзек бағытында локомотив пен автокөлік соқтығысты
Сурет: Бейнеден кадр

 Алматы-1 – Сарыөзек учаскесінің теміржол өткелінде  жүк локомотиві мен жеңіл автокөлік соқтығысып, жол-көлік оқиғсы орын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚТЖ ҰК баспасөз қызметі мәлімдеді.

“17 наурызда сағат 04:05-те Алматы – 1-Сарыөзек учаскесінің күзетілетін теміржол өткелінде жүк пойызының машинисі шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болды. Себебі, көлік жүргізушісі жабық шлагбаумды айналып өтіп, темір жолдың пойыз жүретін бөлігінде қалып кеткен. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолдың және өткел инфрақұрылымының зақымдануы тіркелген жоқ. Жүк тасымалдаушы локомотивте автотасымалдау тұтқасы бүгілген. Пойыз 20 минуттық кідіріспен бағыттағы қозғалысын жалғастырды”, – делінген ҚТЖ хабарламасында.

Оқиға туралы ақпарат Қапшағай станциясының желілік полиция басқармасына берілді. 
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды
Кеше, 10:27

Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 
Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →