×

Шымбұлақ маңында қар көшкіні болды: бір шаңғышы қаза тапты

Төтенше жағдайлар департаменті оқиға жайлы мәлімет берді

Шымбұлақ маңында қар көшкіні болды: бір шаңғышы қаза тапты
Фото: Qaz365.kz

Бүгін Талғардың сол жақ бетінде, Богданович мұздығы асуының жоғарғы жағында үш фрирайдер қар көшкінінің жүруіне ықпал етіп, үйінді астында қалды. Бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиғаның мән-жайын Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі айтып берді.

Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 нөміріне "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортының диспетчерінен курорттан 1 шақырым жерде орналасқан Комсомол шыңы аймағында қар көшкіні болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

“Үш фрирайдер шаңғымен түсу кезінде еңісті кесіп өтіп, қардың көшуіне себеп болған. Нәтижесінде үшеуі де үйінді астында қалды. Зардап шеккендердің екеуі өз бетімен шыға алды, ал үшінші адамды қар астынан алып шыққанда оның қайтыс болып кеткені анықталды. Олардың жеке басы анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті бұған дейін "Қазгидромет" мемлекеттік кәсіпорны таратқан дауылды ескерту негізінде азаматтарды қар көшкіні қаупі туралы ескерткен болатын. Ақпарат SMS хабарламалар мен БАҚ арқылы таратылды", - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оқиға бүгін, 17 наурызда сағат 04:05-те орын алған
Оқиғаға қатысты компания өкілдері пікір білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →